Жаңа субсидиялау қағидаларының негізгі тұстары қарсы міндеттемелердің орындалуын бақылаудың және оларды бағалаудың пәрменді құралдарын енгізу тетіктері арқылы бөлінген субсидиялардың тиімділігі мен нәтижелілігін арттыру, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша болдырмау және цифрландыру есебінен субсидиялар алу рәсімін оңайлату болып табылады.
«Осы жылдың 1 шілдесінен бастап цифрландыру есебінен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайту мақсатында жаңа бірыңғай мемлекеттік ақпараттық субсидиялау жүйесі іске қосылды, ол фермерлер үшін тегін болады және барлық мемлекеттік ақпараттық жүйелермен біріктіріледі. Ол қазіргі «Қолдау» жүйесін толығымен алмастырады. Сонымен қатар тауар өндірушілердің ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін өндіріске енгізу бойынша шығындарын, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-құрастырымдық жұмыстарын субсидиялау және кооперативтердің өз мүшелеріне көрсеткен қызметтерінің құнын субсидиялау сияқты мемлекеттік қолдаудың жаңа бағыттары енгізілуде. Олар өндірісті технологиялық қайта жарақтандыру процестерін жеделдетуге және ауылдық жерлерде кооперативтік қозғалысты ынталандыру мен дамытуға бағытталған», - деді АШМ басшысы.