"Сіздің тапсырмаңыз бойынша ауыл тұрғындарының денсаулық жағдайын жақсартуға арналған "Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" жобасы әзірленді. Жобаны тиімді іске асыру үшін халықтың денсаулық статистикасы, медициналық ұйымдардың инфрақұрылымы және ауылдағы кадрлармен қамтамасыз ету талданды", - деп баяндады ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы.

Оның айтуынша, ауылдағы нысандарға алдын-ала түгендеу жүргізілді, ол 200-ден астам елді мекенде медициналық нысандар жоқ, 400-ге жуық медициналық нысандар жалға алынған, апатты, бейімделген ғимараттарда орналасқан, сондай-ақ күрделі жөндеуді қажет ететіндігін көрсетті.

Ауылдағы кадрлармен қамтамасыз етуді талдау 1700-ден астам медицина қызметкеріне қажеттілікті көрсетеді, оның 1000-нан астамы дәрігерлер.

 "Жоба екі тапсырманы қамтиды. Біріншісі, жетіспейтін медициналық-санитарлық алғашқы көмек ұйымдарын: медициналық пункттерді, ФАП-тарды, дәрігерлік амбулаторияларды салу арқылы барлық ауылдық елді мекендерді медициналық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету. Бұл ауылдық жерлерде медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттырады, оның ішінде профилактикалық тексерулер, скринингтік тексерулер, сондай-ақ ауруларды ерте анықтау және пациенттерге бағытталған жаңа тәсілдерді енгізуге мүмкіндік береді", - деп атап өтті министр.

Денсаулық сақтау министрлігі басшысының айтуынша, екінші міндет – заманауи медициналық жабдықтармен жабдықталған негізгі 5 орталықты қосымша орналастыру арқылы заманауи көпсалалы орталық ауданаралық ауруханалар желісін ұйымдастыру. Бұл ауыл тұрғындарына жедел және мамандандырылған медициналық көмек көрсетудің дер кезінде орындалуын арттырады.

"Өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп, 655 МСАК нысанының, оның ішінде 253 - медпункт, 160 - дәрігерлік амбулатория және 242 - фельдшерлік-акушерлік пункттің құрылысы бойынша дайындық жұмыстары басталды. Алдын ала жоба, бас жоспар, жұмыс жобасы әзірленді. Жобалау үшін жер учаскелерін таңдау жүзеге асырылады. Үкімет қаулысының жобасы келісіліп жатыр", - деді А.Ғиният.

Президент ауыл халқының 100% - ын сапалы алғашқы медициналық көмекпен қамтамасыз етуді көздейтін жобаның жоғары әлеуметтік маңыздылығын атап өтті.

Өз кезегінде 32 көпбейінді орталық аудандық ауруханаларды ұйымдастыру жұмыс істеп тұрған 12 аурухананы жаңғыртуды және 20 жаңа аурухананы ұйымдастыруды көздейді.

"Инсульт және кардиологиялық орталықтар, медициналық оңалту, травматология, хирургия, реанимация және қарқынды терапия, қабылдау бөлмелері бөлімшелерін ашу жоспарлануда. Сондай - ақ, КОАА-ны заманауи медициналық жабдықтармен жабдықтау және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу қарастырылған", - деп толықтырды А.Ғиният.

Қ. Тоқаев жобаның екінші құрамдас бөлігі – ауыр аурулар мен жарақаттар кезінде білікті көмек алу уақытын қысқартуға мүмкіндік беретін көпбейінді ауруханалар құрылысының маңыздылығына назар аударды. Ол атап өткендей, қан айналымы жүйесі ауруларынан болатын шығындарды азайту аса маңызды нәтиже береді.

Мемлекет басшысы сондай-ақ онкологиялық аурулардың алдын алу және емдеу мәселелерін ерекше бақылауға алуды тапсырды.