Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин өрт сөндірушілерге, Қорғаныс және Ішкі істер министрліктерінің әскери қызметшілері мен қызметкерлеріне, еріктілерге мемлекеттік наградаларды табыс етті.

Барлығы 20 адам мемлекеттік наградалармен марапатталды, сондай-ақ 48 қатысушыға Қазақстан Республикасы Президентінің Алғысы жарияланды.

 «Шынында да, өрт апатына қарсы күреске қатысқандардың барлығы нағыз батырлар. Дәл қазір өртті сөндіруге қатысқандардың барлығы бірдей осы залда отырған жоқ. Бірақ оларға ведомстволық наградаларды өз басшылары табыс етеді. Айта кету керек, өртті жоюға қатысушылардың барлығы да ақшалай сыйақымен марапатталады. Құрметті әріптестер, өртті сөндіруге белсенді қатысқандарыңыз үшін алғыс айтамын.  Сіздерге және Сіздің жақындарыңызға зор денсаулық пен амандық, Қазақстанның игілігі үшін жұмыста жаңа табыстар тілеймін!»,- деп Министр атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, Қостанай облысының Әулиекөл ауданында орман өрті 2 қыркүйекте болды. Өрттің ауданы 43 мың гектарды құрады. Өртті сөндіруге Ішкі істер, Қорғаныс, Экология және табиғи ресурстар министрліктерінің, жергілікті әкімдіктердің, Қазақстан темір жолы күштері мен құралдары 2000-нан астам адам мен 225 бірлік техника құрамында қатысты. Өртке қарсы күрес кезінде әуе кемелері әуеден 327 рет су шашты.

Марапаттау рәсімінен кейін Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі бөлімшесінің командирі Самат Жапаров өз ойымен және эмоцияларымен бөлісті.

 «Әріптес өрт сөндірушілермен Аманқарағайдағы өрт орнына келгенде                             жан түршігерлік оқиғаны көрдік. Жалындаған от, жанған үйлер мен шаруашылық құрылыстары, үмітсіз адамдар... Бірақ алаңдауға уақыт болмады. Біз бірден отпен күреске кірістік. 6 күн бойы көз ілмей қатты желден жалындаған отты сөндірдік. Шыдатпайтын ыстық жалын әсерінен бетіміз күйді, ұзақ уақыт бойы брандспойттты ұстағандықтан, қолдарымыз талды. Бірақ бар ойымыз– адамдардың үйлерін құтқарып, қандай жағдайда да өртті сөндіру болды! Сол күндердің ең жарқын естелігі - қарт әйел (өкінішке орай, оның есімін есіме түсіре алмай тұрмын) жылап тұрып, үйін құтқарғаны үшін бізге шын жүректен алғысын білдіргені. Бұл менің жадымда мәңгі қалады! Мен азаматтық қорғау органдарында 20 жылдан астам жұмыс істеймін. Менің тәжірибемде балаларды құтқару жағдайлары болды, құқық бұзушыны ұстаған кездерім де болды. Барлығы болды, бірақ мұндай көлемдегі өртті алғаш рет сөндірдім. Айтқым келетіні, бұл марапат тек менікі ғана емес, бұл марапат отпен күресіп, жеңімпаз болған барлық жолдастарыма арналады!»,- деді Самат.

Әскери және қызметтік борышын атқарудағы жанқиярлығы, сондай-ақ төтенше жағдайда көрсеткен батылдығы үшін «Ерлігі үшін» медалімен Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 5 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндірушісі Әкім Алдияр Ермекұлы, Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі Ахметқалиев Сұлтан  Сәкенұлы, Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №17 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі Әбуқалық Азат Рысқалиұлы, Төтенше жағдайлар министрлігі Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің №23 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі Бағытжанов Нұрсұлтан  Жұмашұлы, Төтенше жағдайлар министрлігі «Қазавиақұтқару» АҚ әуе кемесінің командирі Базаров Ержан Оралханұлы, Төтенше жағдайлар министрлігі Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің №15 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі Байбөгенов Аслан  Тәуекелұлы, волонтер Бауэр Алексей  Александрович, Төтенше жағдайлар министрлігі Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің №21 өрт сөндіру бекетінің бөлімше командирі Боромбаев Айдос  Сағынайұлы, Төтенше жағдайлар министрлігі «Қазавиақұтқару» АҚ әуе кемесінің командирі Ержанов Айбек Ахметбекұлы, Төтенше жағдайлар министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі Жапаров Самат  Таласпайұлы, Төтенше жағдайлар министрлігі Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 9 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндірушісі Жолдасов Нұрсұлтан Өмірсерікұлы, Ұлттық ұланның «Орталық» өңірлік қолбасшылығының 5510 әскери бөлімінің сержанты Қайыров Қуанышбек  Жұмабайұлы, Төтенше жағдайлар министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №18 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі Махамбетов Алмат Арыстанбекұлы, Ішкі істер министрлігінің Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының старшинасы Мусин Абай Боранбайұлы, волонтер Рахин Ербол Қайырбайұлы, Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №6 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі Төлеухан Әнуар Жанатұлы, Қорғаныс министрлігінің 31775 әскери бөлімінің материалдық-техникалық ротасының трактор жүргізушісі Флейтлинг Александр Аликович, «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компания» АҚ өрт сөндіру пойызының бастығы, Хасенов Мұрат  Қалиханұлы Төтенше жағдайлар министрлігі Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі Шайсұлтанов Медет   Еркінұлы, Төтенше жағдайлар министрлігі Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №6 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндірушісі Щурихин Максим   Сергеевич наградталды.