Тек үш факультеттен тұратын институттан С. Сейфуллин атындағы ҚАТУ тек солтүстік аймақтың ғана емес, бүкіл елдің ғылыми-зерттеу университетіне, ғылыми-білім беру орталығына айналды.

Әр жылдары университет атауын өзгертті, бірақ оның негізгі мақсаты – экономиканың аграрлық секторы үшін жоғары білікті кадрларды даярлау миссиясы өзгеріссіз қалды. Қазір мұндағы 8 факультетте 12 мыңға жуық студент білім алып жатыр.

БАҚ өкілдерін мерейтойлық іс-шараларға  және Ардагерлер аллеясының ашылуына қатысуға шақырамыз. Ол 30 қыркүйекте сағат 10.00-де университеттің Қ. А.Сағадиев атындағы университеттің биологиялық корпусында, Жеңіс даңғылы, 62 мекен жайы бойынша өтеді. Сол күні Гандельман атындағы үлкен конференц-залда университет туралы деректі бейнефильмнің таныстырылымы өтеді.

6 қазан күні сағат 10.00-де оффлайн және онлайн режимінде "ХХІ ғасыр ғылымы - трансформация дәуірі"  тақырыбында Сейфуллин оқулары халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтеді.  Қазақстандық университеттер, сондай-ақ жақын және алыс шетелдердің ғалымдары конференцияға қатысатынын растады.