Оның айтуынша, тұрғын үйге кезекте тұрғандардың ішінде қолдау шаралары шеңберінде ең осал және тұрғын үй мәселелерін шешуге аса мұқтаж азаматтардың 4 басым санаты айқындалды. Атап айтқанда, көпбалалы отбасылар – 91 мың азамат, І және ІІ топтағы мүгедектігі бар адамдар – 51 мың азамат, мүгедек балалары бар отбасылар – 24 мың азамат, сондай-ақ жетім азаматтар - 61 мың. 


«Биыл Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша олардың тұрғын үй проблемаларын жедел шешу үшін жеке тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жалға алу үшін тұрғын үй төлемдері енгізілген. Сонымен қатар Тұрғын үй коммуналдық инфрақұрылымдық дамытудың 2026 жылға қабылданған тұжырымдамасы шеңберінде біртұтас тұрғын үй бағдарламасын әзірлеу бойынша жеңілдету, кредиттеу бағдарламасының шарттары тұжырымдамалық түрде өзгертілді. Біріншіден, жеңілдетілген несиелер бағдарламасы бойынша жергілікті атқарушы органдар салған әлеуметтік кредиттік тұрғын үйді ғана сатып алуға болады. Екіншіден, қарыздың ең жоғары сомасы бойынша шектеулер алынып тасталды. Несие сомасы сатып алынатын тұрғын үйдің нақты ауданы бойынша айқындалатын болады. Бұл ретте әлеуметтік тұрғын үй саласын арттыру мақсатында 160 000-240 000 теңге диапазонынан қазіргі таңда 180 000-290 000 теңгеге дейін құрылысты қаржыландыру және 1 шаршы метрін іске асыруға баға параметрлері қаралды. Үшіншіден, кірісті растау бойынша шектеулер алынып тасталды. Бірақ қатысушы төлем қабілеттілігін растауға міндетті. Бұл сатып алушының тұрғын үй несиесіне қызмет көрсету мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Төртіншіден, банк практикасы бойынша және ортақ мүліктік жауапкершілігі мақсатында қарыз алушының бастапқы жарнаны енгізуі сақталады. Бүгінгі таңда бұл шекті барлық қатысушылар үшін 10% мөлшерінде қарастырылған», - деді спикер.