«Mineral Product International» ЖШС истициялық жобасы жылына 160 мың тонна ферроқорытпа шығара алады. Ферроқорытпалар өндіретін кәсіпорының ерекшелігі - зиянды шығындыларды 99,7%-ға дейін тазартуда. Дайын өнім Еуразиялық Одақ, Азия елдері мен АҚШ металлургиялық нарығын 100% қамтамасыз етеді. Инвестициялардың жалпы сомасы 360 млн АҚШ доллары.
Облыс әкімі атап өткендей, экспорттық бағыттағы кәсіпорын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Оңтүстік Кореяға жасаған сапары кезінде сөз болған ірі металлургиялық кластердің алғашқы жобасы болмақ.
– Металлургиялық кластер құрамына металды екінші қайтара өңдеу фабрикасы, феррқорытпалар мен болат өндіру кәсіпорындары кіреді. Бұл жобаларды жүзеге асыру арқылы 2025 жылға дейін өңдеуші өнеркәсіп көлемін 57%-ға арттыруға жағдай жасалады, - деді облыс әкімі. - Жергілікті тұрғындарға үш мыңға жуық жаңа жұмыс орнын ашу мүмкін болады.
Жыл сайын 3 млн. тоннадан артық болат өнімі ішкі нарықты қамсыздандырып, сол арқылы импорт көлемін 70%-ға азайтуға жол ашылады. Компания акционері Сергей Кан айтып өткендей, Павлодар облысында металлургия саласын дамыту үшін барлық жағдай жасалған.
– Мемлекет преференциялар және қажетті инфрақұрылымды тартуға мүмкіндік беру арқылы инвесторларға барынша жағдай жасауда, - деді акционер. – Павлодар облысын таңдау кезінде мұндағы шикізаттық база, жоғары білікті мамандар мен энергетикалық мүмкіндіктерге ерекше назар аудардық.
Жалпы, облыстағы өнеркәсіптік өнім көлемі 1,4 трлн теңгеге жеткен - бұл ҚР бойынша екінші көрсеткіш. Шикізаттық емес экспорт 1,4 есеге артып, ел көлемінде екінші орынға ие. 2025 жылға дейін жалпы сомасы 2 трлн теңгеге барлығы 143 ірі инвестжоба жүзеге асыру көзделуде. Сол арқылы он мың жаңа жұмыс орын ашылмақшы.