«АМАНАТ» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов:
«Қазіргі әлемдегі күрделі жағдайда, алмағайып уақытта бізге ең әуелі мемлекеттік жауапкершілікті терең сезінетін тегеурінді Тұлға керек. Біз өткенге кері қайтпауымыз керек. Ауқымды өзгерістер өзінің заңды жалғасын табуы тиіс. Ал мемлекет алдында тұрған ұлы мақсат-мұраттарға қол жеткізу үшін бізге лайықты көшбасшы керек. Сондықтан, Президенттікке үміткер ретінде Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты ұсынамын!», - деді партия төрағасы Ерлан Қошанов.
Съезге 1200 партия мүшесі қатысуда.
Кезектен тыс XXIV АМАНАТ съезінің күн тәртібі бекітілді.Саяси кеңестің шешімімен партия съезіне мыналарды қарау ұсынылды:
«АМАНАТ» партиясынан Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат ұсыну мәселелері;
Партияның саяси тұғырнамасын бекіту.