«Қазақстан халықаралық қатынастарда, халықаралық құқықта және БҰҰ Жарғысында теңдік пен демократия қағидаттарының берік сақталуын әрқашан жақтайтын болады. Қазақстан БҰҰ-ның әмбебап және балама емес халықаралық ұйым ретіндегі беделін нығайтуға белсенді түрде күш салады. Біз Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, Түркі мемлекеттері ұйымы және басқа да халықаралық ұйымдар сияқты маңызды ұйымдармен ынтымақтасатын боламыз, сондай-ақ Өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің әлеуетін күшейтетін боламыз», - деді Қ.Тоқаев.