Шараның мақсаты – қарқынды терапиядағы гемокоррекцияның экстракорпоралды әдістерін дамыту жолдарын қарастыру және өзара тәжірибе алмасу.

Конференция жұмысына осы саладағы жетекші мамандар мен сарапшылар қатысты. Олар Оңтүстік Корея, Қытай, Ресей және Қазақстан нефрологтары мен анестезиолог-реаниматологтары.

ҚР ПІБ Медициналық орталығының басшысы Сәуле Кисикова, «Анестезиологтар және реаниматологтар федерациясы» РҚБ президенті Ерғали Миербеков, «Астана медицина университеті» КеАҚ ғылыми жұмыс және стратегиялық даму жөніндегі проректоры Виталий Койков конференцияның қатысушылары мен қонақтарын ашылуымен құттықтап, сәттілік тіледі.

Сонымен қатар, конференция шеңберінде экстракорпоралды гемоккорекция саласындағы дәрігерлерге, анестезиолог-реаниматологтарға, нефрологтарға арнап шеберлік сыныптары ұйымдастырылды.

Конференцияны ұйымдастырушысы - ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасы№ қолдау көрсеткен ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, «Анестезиологтар және реаниматологтар федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігі және Республикалық экстракорпоралды гемокоррекция мамандарының қоғамы.