Тараптар екі елдің туризм саласындағы кейбір мәселелер мен ынтымақтастықтың келешегін талқылады.

«Биыл біз елдеріміз арасында дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуын атап өтудеміз. Осы жылдар ішінде жемісті ынтымақтастықтың берік негізі қаланды. Сонымен қатар, келесі жылы ұлы билеуші Бейбарыс сұлтанның 800 жылдығы аталып өтеді.  Бейбарыс сұлтанның екі ел тарихындағы рөлі зор», - деді Ержан Еркінбаев.

Оның айтуынша, туризм саласы Қазақстан мен Египет арасындағы қарым-қатынасты дамытудың жаңа драйвері бола алады. Ержан Еркінбаев имидждік іс-шаралар шеңберінде екі ел нарығындағы туристік өнімдерді ілгерілету жөнінде бірқатар ұсыныстар айтты. Сонымен қатар, Қазақстанның туристік секторында инвестициялық жобаларды іске асыру туралы сөз болды.

Өз кезегінде елші ханым қазақстандық тарапқа алғысын білдіріп, мәдени-гуманитарлық және туризм саласындағы ынтымақтастықтың оң бағыт алуына ниетті екенін жеткізді.