Диалог барысында тараптар екі елдің қолданыстағы зейнетақы жүйелерін және әлеуметтік-еңбек саласындағы ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктерін талқылады.

Кездесу барысында ведомство басшылары бір-бірін Қазақстан мен Румынияда жұмыс істейтін азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыру жүйелері туралы кезекпен хабардар етті.

Сондай-ақ, Тамара Дүйсенова Қазақстанда енгізіліп жатқан, азаматтарға мемлекеттік қолдау шараларын проактивті форматта тағайындауға мүмкіндік беретін Отбасының цифрлық картасы туралы, мүгедектігі бар адамдарға оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерін және оларды жеткізушілерді өз бетінше таңдауға мүмкіндік беретін Әлеуметтік қызметтер порталы туралы,  жұмыспен қамту орталықтары қызметтерінің толық спектрін халыққа цифрлық форматта ұсынатын, әрі жұмыс берушілер жұмыскерлерді, ал азаматтар өздеріне жұмыс таба алатын Электрондық еңбек биржасы туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Ынтымақтастықты дамыту туралы меморандум әзірлеуге және жасасуға келісті. Құжатта еңбек, жұмыспен қамту, әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы қызмет бағыттары бойынша тәжірибе алмасуды көздеу жоспарлануда.