Байқау қорытындысы бойынша Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Обаған жалпы орта мектебінің 4-сынып оқушылары, Талдықорған қаласының №24 дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицейдің 11 «Б» сынып оқушылары, сондай-ақ Ақтөбе қаласының №34 орта мектебінің 8 «А» сынып оқушылары жеңімпаз атанды. Оларға Оқу-ағарту министрлігі атынан естелік сыйлықтар табысталады

Жеңімпаздарды құттықтап, оларға оқуда озат болуды тілейміз!

Сонымен қатар қазақстандықтардың да белсенділігін атап өтіп, оларға байқауға атсалысқандары үшін алғыс білдіргіміз келеді. Байқауға ересектер де, балалар да қасысты. Қатысушылар Facebook, Instagram әлеуметтік желілерінде #ұстаздаркүні #ұстазыңдықұттықта #деньучителя #поздравьсвоегоучителя хэштегімен бейнероликтер жариялап, ұстаздарына алғыстарын жаудырды.