Конкурсқа қатыспас бұрын үміткерлер өз өңірлерінде қоғамдық кеңестердің қорытындыларын алады. Бұл кеңестер БАҚ өкілдерінен, заң қоғамынан, отставкадағы судьялардан және аймақтың басқа да қоғам қайраткерлерінен тұрады.


«Сондай-ақ кандидаттарды судьялар қоғамдастығының органдары облыстық соттардың жалпы отырыстарында қарайды. Бұдан басқа, Кеңестің сайтында судьялық лауазымдарға конкурстарға қатысатын тұлғалардың тізімі жарияланады және кез келген азамат әрбір кандидат бойынша өз пікірін ұсына алады. 2021-2022 жылдары кандидаттарға қатысты 3 мыңға жуық азаматтардың пікірлері алынды. Судьялыққа кандидаттарға қатысты жұртшылықтың пікірі әлеуметтік желілер мен БАҚ мониторингі арқылы зерделенеді. Барлық жиналған ақпаратты ескере отырып, кандидаттарды Конкурстық комиссияның отырысында қаралады, оның құрамына судьялармен қатар адвокаттар, прокуратура және академиялық қоғамдастық өкілдері кіреді. Соңғы кезеңінде шешімді Жоғарғы Сот Кеңесі қабылдайды. Мұндай іріктеу жүйесі өте қатал, субъективизмді жоққа шығарады. Нәтижесінде 2022 жылы аудандық соттардың судьялары болып бұрын судьялық қызмет атқармаған 93 жаңа кандидат тағайындалды. Анықтама ретінде айтып өтейін, 2019 жылдан 2022 жылға дейін аудандық соттардың судьялары болып 290 жаңа кандидат тағайындалды. Әрине, мұндай қатаң іріктеуде бос орындар ұзақ уақыт толтырылмауы мүмкін. Мысалы, 2022 жылы лайықты кандидаттардың болмауы себебінен 64 бос орынға конкурс өткізілмеді деп танылды», - деп түйіндеді спикер.