Көрме нарыққа агроөнеркәсіптік секторға аграрлық ғылымның соңғы әлемдік жетістіктерін енгізуге ықпал ететін жетекші әлемдік автоконцерндердің, инновациялық технологиялар мен аграрлық секторды дамыту бағдарламаларының жаңа ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын ұсынады.

«Көрме аясында Өсімдік шаруашылығы озаттарының екінші слеті өткізіледі. Дәстүр бойынша, слет негізгі егін жинау науқанының соңында өтеді, ал биыл біздің фермерлер мақтануға тұрарлық нәтижелерге ие. Мәселен, бүгінгі күні республика бойынша барлығы 15,9 млн га дәнді және бұршақты дақылдар немесе жалпы егін жинау алаңының 99,5%-ы жиналды. Орташа өнімділігі 13,5 ц / га болған кезде 21,5 млн тонна астық бастырылды. Айта кету керек, 2021 жылы - орташа өнімділігі 10,1 ц/га болған кезде 15,8 млн тонна немесе 26,5% аз», - деді вице-министр.                                                          

Айта кету керек, слет пен өткізіліп жатқан ауыл шаруашылығы көрмесі - қазақстандық Агробизнес, үкіметтік емес ұйымдар мен инвесторлар арасындағы тиімді диалог алаңы, бұл АӨК-те бизнесті жүргізу үшін жаңа трендтер мен перспективаларды талқылау.