Мемлекеттік аудит барысында жаттықтырушыларға қатысты санкциялардың болмауы спорттық жарыстарда медальдар мен жүлделі орындарды жеңіп алу бойынша спорттық қызмет туралы шарттарда көзделген нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізілмеген кезде оларға қатысты шаралар қабылдауды қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейтіні анықталды.

Осыған байланысты, ҚР Ұлттық Олимпиада комитетіне спорттық қызмет туралы шарттарда көзделген нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізбегені үшін жаттықтырушыларға қатысты санкциялар белгілеу мүмкіндігін қарау жөнінде шаралар қабылдау тапсырылды.

Есеп комитетінің тапсырмасын орындау үшін «Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК жаттықтырушылармен (бас жаттықтырушылар) және спортшылармен жасалатын спорттық қызмет туралы үлгілік шарттар бекітті.

Бас жаттықтырушылармен бекітілген үлгілік шарттардың талаптарында тиісті шарттың көрсеткіштері орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған кезде шарт шеңберінде төленетін сомалардың 50% - дан аспайтын сомасын өтеу жолымен жауапкершілік көзделген.