"Төтенше жағдай" телехикаясын құтқарушылардың күнделікті өміріндегі шынайы оқиғалар негізінде түсірілген, бұл таулы - орманды жерлерде, тұрмыста, су айдындарында халықтың іс-әрекетіне, сондай-ақ күнделікті өмірдегі тіршілік қауіпсіздігі негіздеріне бағытталған оқыту элементтерін қамтиды. Бұл жобаның түсіріліміне отандық киноматография актерлері, сондай - ақ ТЖД, ҚР ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының, Республикалық жедел-құтқару жасағының қызметкерлері тартылды.
Табысты кәсіпкер інісінің баласы Асланның өмір салтына көз жұмудан шаршады. Тәрбиелеу мақсатында ол оны Алматы қаласының ТЖ департаментіне жұмысқа орналастырады. ТЖД қызметінде Аслан Төтенше жағдайларды жою басқармасы командасының құрамына кіреді. Оның командасы қаладағы барлық төтенше жағдайларға ден қояды, кезекшілікке кіріседі, өртті сөндіреді, адамдарды құтқарады және сонымен бірге қалыптасқан ұжыммен достасуға тырысады. Уақыт өте келе Аслан құтқарушының жұмысы ол ойлағандай оңай емес екенін және әріптестерінің құрметіне ие болуға тырысу керек екенін түсіне бастайды.
Айта кету керек, Алматы қаласы ТЖ департаменті қызметінің басымдылығы азаматтардың өмірін, денсаулығын және мүлкін төтенше жағдайлардан қорғау болып табылады. Сонымен қатар, мегаполис экономикасының тұрақты дамуында орындалатын профилактикалық іс - шаралардың сапасы, ТЖ уақтылы жою, оның тиімділігіне материалдық-техникалық және кадрлық қамтамасыз етудің жиынтығымен қол жеткізу маңызды рөл атқарады.
Алматы қаласының ТЖ департаментінде Өрт сөндіруші-құтқарушылар мен жүргізушілердің 200-ден астам бос лауазымы бар. Осыған байланысты, жастарды азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің қатарына тарту бойынша іс-шаралар өткізу қажеттілігі туындады.