Кандидатты Жалпыұлттық социал-демократиялық партия ұсынған. Оның кандидатурасын 15 аймақтан 120 мың 908 адам қолдап сенім білдірген. Тексере келе 119 мың 197-сі расталды. Комиссия мүшелері Нұрлан Әуесбаевтың кандидатурасын қабылдау туралы бірауыздан шешім қабылады.

Нұрлан Әбдіров, ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы:

- Орталық сайлау комиссиясының аппаратына Нұрлан Сатыбалдыұлы Әуесбаевтың ҚР Президенттігіне кандидат ретінде тіркелгені туралы мәліметтерді Қазақстан Халық жинақ банкіне арнаулы уақытша шотты ашу үшін дереу жіберуді және кандидаттың тіркелгені туралы хабарды БАҚ-та жариялауды қамтамасыз етуді тапсырамын. Осылайша, Орталық сайлау комиссиясы Нұрлан Сатыбалдыұлы Әуесбаевты ҚР Президенттігіне кандидат ретінде тіркеді.

Президенттікке үміткер ретінде барлығы алты адам тіркелді: Қасым-Жомарт Тоқаев, Мейрам Қажыкен, Жигули Дайрабаев, Қарақат Әбден, Салтанат Тұрсынбекова, Нұрлан Әуесбаев.