Жылу энергиясының тариф деңгейі жылу энергиясын өндіруге, тасымалдауға және жеткізуге қажетті шығындар деңгейіне байланысты. Жылу энергетикасы саласындағы қызметтер бойынша тарифтер деңгейінде пайдаланылатын отын түрі: көмір, газ, мазут, дизель отыны әсер ететінін атап өткен жөн. Бұл шығындардың өзіндік құн құрылымындағы үлесі шамамен 60% құрайды. Бұл ретте көмір бәсекелестік ортада болады және мемлекеттік реттеуге жатпайды.  

«Осылайша, көмір бағасының өсуі жылумен жабдықтау қызметтеріне тарифтердің сөзсіз өзгеруіне әкеледі. Жалпы, тарифтердің өсуіне әсер ететін негізгі факторлар энергия ресурстарының, шикізаттың, материалдардың құнын арттыру, жөндеу жұмыстарын қамтамасыз ету, басқа салаларға мультипликативті әсер ету болып табылады. Комитет инвестициялық бағдарламалардың орындалуын бақылауға ерекше назар аударады. Жыл сайын субъектілердің инвестициялық бағдарламалар мен тарифтік сметалардағы іс-шараларды орындауына мониторинг жүргізіледі. 2021 жылы жалпы сомасы 108 млрд теңгеден асатын инвестициялық бағдарламалар бекітілді. Табиғи монополияларды реттеу комитеті мен оның аумақтық бөлімшелеріне 1200 табиғи монополия субъектісінен өткен жылы инвестициялық бағдарламалар мен тарифтік сметалар іс-шараларының орындалуы туралы 2 мыңға жуық есеп келіп түсті. Қарау нәтижелері бойынша табиғи монополиялар субъектілері міндеттемелерінің орындалмағаны анықталды, осыған байланысты еліміздің барлық өңірлерінде жалпы сомасы 5,5 млрд теңгеге 195 табиғи монополиялар субъектісі бойынша уақытша өтемдік тарифтер бекітілді», - деді спикер. 


Сонымен қатар, жылыту кезеңінде сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып, тұтынушыларға жыл сайын артық төленген қаражат қайтарылады. Өткен кезеңнің жылыту маусымының қорытындысы бойынша тұтынушыларға шамамен 500 млн теңге мөлшерінде қаражат қайтарылды.