Өңір тұрғындары Денсаулық сақтау министрлігінің басшысына медициналық көмек көрсетуге, мүгедектік тобын тағайындауға, ана мен бала денсаулығын қорғауға және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге қатысты бірқатар мәселелер бойынша жүгінді.

Өтініш білдіргендердің арасында ерекше бала Ж. Н.-нің ата-анасының Кортеф препаратын тегін дәрілік заттар тізбесіне енгізу мәселесі бойынша өтініші жұмысқа қабылданды.

Министр осы өтінішке жауап ретінде "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 196-бабына сәйкес Қазақстан Республикасында тіркелмеген және Қазақстан ұлттық дәрілік формулярына енгізілмеген дәрілік заттарды нақты пациенттің өмірлік көрсеткіштері бойынша медициналық көмек көрсету не сирек кездесетін (орфандық) аурулары бар пациенттердің органикалық контингентіне медициналық көмек көрсету үшін қолдануға жол берілетінін түсіндірді.

Аталған дәріге қатысты Денсаулық сақтау министрлігі Гидрокортизон препаратына қажеттілікті жинау жұмыстарын жүргізіп, «Қазақстан халқына» ҚҚ-на бүйрек үсті безінің туа біткен ақауы бар балаларды Гидрокортизон препаратымен қамтамасыз ету мүмкіндігін қарастыру жөнінде хат жолдады.

Қаланың бір тұрғыны министрге санитарлардың жалақысы неге көтерілмейтіні туралы сұрақ қойды. Ажар Ғинияттың айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2025 жылға дейін жыл сайын медициналық емес қызметкерлердің, оның ішінде санитарлардың жалақысын 20% - ға арттыру көзделген. Мәселен, егер 2022 жылы осы санаттағы қызметкерлердің ең төменгі жалақысы 85,7 мың теңгені құраса, 2025 жылға қарай ол 148 мың теңгеге дейін көтерілуі тиіс. 

Басқа өтініштер дәрігерлердің кейбір санаттарына Қазақстан азаматтығын берудің оңайлатылған тәртібі, медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету, кардиологиялық бейіндегі мамандандырылған медициналық көмек алу туралы өтініштерге қатысты болды. 

Азаматтарды жеке қабылдау барысында ведомство басшысына барлығы 10 азамат жүгінді, Денсаулық сақтау министрі әрбір өтініш бойынша мәселелерді жеке бақылауға алып, егжей-тегжейлі түсіндірме берді.