Оның айтуынша, мемлекеттік аппарат қызметін жетілдіруде цифрландыру шешуші рөл атқарады. Бұл ведомство үшін басым бағыт.


«Негізгі күш-жігер Ақпараттық жүйелерді интеграциялау арқылы бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған. Комитет Мемлекет басшысының Жолдауындағы мемлекеттік шығыстардың бақылауын күшейту туралы тапсырмасын орындау үшін онлайн бюджеттік мониторингтің кешенді жобасын іске асыруда. Онлайн режимде бюджеттік мониторинг жүргізу ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, бюджеттік процестің барлық кезеңдерін қадағалаудан тұрады. Бүгінгі таңда мемлекеттік жоспарлаудың ақпараттық жүйесі арқылы жоспарлаудың негізділігіне онлайн мониторинг жүргізу бойынша пилоттық режимде үш министрлікте  жұмыс жүргізіледі және тағы үш министрлікте жүргізу жоспарлануда. Сонымен қатар ішкі мемлекеттік аудит функцияларын цифрландыру жүзеге асырылуда. Бүгінгі күні «электрондық мемлекеттік аудит» модулі мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсімдері кезеңінде тиімді пайдаланылуда», - деді спикер.


Бұдан бөлек, ведомство осы құралды мемлекеттік органдардың қаржы-шаруашылық қызметін тексеру үшін қолдану ауқымын кеңейту жұмыстарын сәтті жүргізуде. Биыл қызметкерлер оқытылып, пилоттық режимде жекелеген аумақтық бөлімшелерде мемлекеттік мекемелердің қаржы-шаруашылық қызметіне электрондық аудит модулі іске қосылды. Қазіргі уақытта орталық аппарат екі министрлікте электрондық аудит жүргізуде.