Оның айтуынша, бұл жұмыс қазіргі уақытта объектілерге барып жүргізіледі, ал бұл мәселе белгілі бір тәуекелдерді тудырады. Сондықтан қаржылық есептіліктің электрондық аудитін енгізу міндеті тұр.


«Бұл жұмысты мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есептің бірыңғай ақпараттық жүйесін енгізу шеңберінде іске асыруды қарастырып отырмыз. Ішкі мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін қалыптастыру кезінде тәуекелдерді бағалау жүйесін жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мәселен, біз жаңа «Qlik» платформасына көшу туралы шешім қабылдадық. Бұл платформада қазіргі уақытта 68 тәуекелдер индикаторы бойынша есеп жүргізіледі. Жаңа платформа ашық деректерді талдауға, жедел әрекет ету үшін жаңа тәуекел профильдерін жасауға және тексеру үшін нысандар мен элементтерді дәл таңдауға мүмкіндік береді», - деді спикер.                

Бұл шаралар аудит объектілеріне әкімшілік жүктемені, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге; мемлекеттік аудитті жүргізу мерзімдерін және іссапар шығындарын қысқартуға; бір мезгілде бірнеше аудит объектілерінде аудит жүргізуге; уақытша және еңбек ресурстарын оңтайландыруға және жедел ден қою шараларын қабылдауға ықпал етеді.