Форум аясында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Қайрат Баймульдинов Албанияның Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрі Огерта Манастирлиумен, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңірлік бюросының директоры, стратегиялық әріптестік жөніндегі кеңесші доктор Ханс Хенри Клюгемен, БҰҰ Қорының Шығыс Еуропа мен Орталық Азиядағы халық саласындағы кеңсесінің стратегиялық әріптестік жөніндегі кеңесшісі Марта Диаволовамен кездесулер өткізді.

Кездесулер барысында жастардың өмір сүру сапасын арттырудың өзекті мәселелерін және жастар арасында өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау идеологиясын ілгерілету жөніндегі ақпараттық-түсіндіру жұмысы саласындағы ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады.

Шара барысындағы арнайы бір секция Қазақстанның жастар денсаулық орталықтары мен жастар ресурстық орталықтарын дамыту жөніндегі тәжірибесіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жастар саясаты туралы заңнамасын жетілдіру шеңберіндегі ынтымақтастыққа арналды.

Сонымен қатар жиында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық бюросы 2023 жылғы қыркүйекте ДДҰ Еуропалық өңірлік комитетінің 73-ші өңірлік сессиясын ДДҰ Еуропалық бюросына қатысушы 53 мемлекет өкілдерінің қатысуымен өткізу туралы шешім қабылданды.

Қорытындыда жастардың денсаулығы мен әл-ауқаты мәселелері бойынша хабардарлықты арттыруға, тұрақты ортаны қалыптастыру және ілгерілету, жастардың күрделі мәселелерінің инновациялық шешімдерін іздеу, COVID-19 пандемиясы барысында сабақ болған нәрселерді практикада қолдануға бағытталған, оның ішінде
зиянды жалған ақпарат тарату, түрлі кедергілерді жою, жастардың мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық өмірінің барлық бағыттарына қатысуы үшін мүмкіндіктерді көтермелеу және кеңейту туралы ортақ Резолюция қабылданды.