«Бүгін азаматтарды жеке қабылдау кезінде облыстың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер жұмыртқа, ет, сүт өнімдерін өндіру мен өткізуге қатысты тың мәселелерді көтерді. Олар өндіріс көлемін қамтамасыз етуге және ұлғайтуға дайын, тек мемлекеттің қолдауы қажет. Өз тарапынан Үкімет қазір “айналым” схемасы бойынша өндірушілерді қаржыландыру тетіктерін өзгертіп жатыр, осылайша қаражат тікелей өндірушілерге түседі және олар шикізат пен астықты төмен бағамен сатып ала алады. Бұл негізгі азық-түлік бағасының күрт өсуін болдырмауға көмектеседі, әсіресе маусымаралық уақытта жақсы әсер етпек. Жақында қант зауыттарымен меморандумдарға қол қойылды, айналым қаражаты шикізатты уақытылы сатып алумен қатар, өндірісті жаңғыртуға мүмкіндік береді», — деді Серік Жұманғарин.

Сауда және интеграция министрі азаматтар мемлекеттен «әлеуметтік жәрдемақыны» алуды көздейтін әлеуметтік әмиянды іске асыру жобасына жеке тоқталды. «Әлеуметтік әмиян» азаматтың ЖСН негізінде автоматты түрде құрылады, оған мемлекеттен бөлінетін ақша түседі. Азаматтарға ыңғайлы болу үшін «әлеуметтік әмиян» модулі eGov mobile қосымшасында қолжетімді болады. Ол үшін бар болғаны «әлеуметтік әмиян» қосымшасын жүктеп, авторизация мен сәйкестендіруден өту қажет. 2022 жылдың соңына дейін пилоттық жобалар шеңберінде әлеуметтік әмиянда мемлекеттік қызметтің үш түрі тестіленеді.

Кездесуге келген қатысушылардың бірі «Казторгтранс» ЖШС директоры Халиулла Гран Ака отандық тауарларды сыртқы нарықтарға шығару кезніде өнеркәсіптік қызмет субъектілеріне шығындарды өтеу қағидаларының жаңа редакциясынан ұнды алып тастау мәселесін көтерді. Ол бұл мемлекеттің айтарлықтай қолдауы екенін, соның арқасында бүұрын ұн өндірушілер көлік шығындарын өтегенін атап өтті. Серік Жұманғарин экспорттаушыларға шығындарды өтеу тоқтатылмағанын, әрі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің, оның ішінде 2022 жылы көзделген ұн өндіру кәсіпорындарының барлық өтінімдері міндетті түрде қаралатынын баса айтты. Бұдан басқа, қазір Сауда және интеграция министрлігі агроөнеркәсіп кешені өнімдерінің шығарылған түрлерін өңделген тауарлар тізбесіне қайтару бойынша бұйрыққа өзгерістер дайындады. Кездесу қорытындысы бойынша министр брифингте қатысып, БАҚ өкілдерінің барлық сұрақтарына жауап берді.

Сапар барысында Серік Жұманғарин жармалардың ең кең ассортименті бар Қазақстан өндірушілерінің үштігіне кіретін «Мибеко» ЖШС қызметімен танысты. Компанияның бас директорының орынбасары Мырзамұқым Қадыровтың айтуынша, кәсіпорын Қазақстанның 5 өңірін өз өнімдерімен қамтамасыз етіп, 9 елге экспорттайды. Сондай-ақ вице-премьер Қазақстанның ірі агрохолдингтерінің бірі «Олжа Садчиковское» ЖШС сүт фермасында болды. Өндіріс 7 000-ға жуық адамды жұмыс орындарымен қамтамасыз етіп отыр. Кәсіпорын сүттің барлық өндірістік циклін цифрландырды, өсімдік және мал шаруашылығында ғылыми тәсілді қолданады. Агрохолдингтің одан әрі дамыту, оның ішінде көтерме-тарату орталығын салу бойынша үлкен жоспарлары бар. Барлық жобалар вице-премьерге ұсынылды.