«Ең әуелі, Ғылымды қаржыландыру жүйесі өзгерді. Жалпы, соңғы үш жылда ғылымды қаржыландыру 70%-ға өсті. Егер бұрын гранттық және нысаналы қаржыландыруға арналған конкурстар үш жылда бір рет жарияланса, енді конкурстар жыл сайын өткізіледі. Гранттардың жаңа түрлері енгізілді – жас ғалымдарға, коллаборацияға, қысқа мерзімді, жеке гранттар. Нысаналы қаржыландыру нақты ғылыми-техникалық міндеттерді шешуге ғана бөлінеді. 2017-2018 жылдар Ұлттық кеңестер жұмысына үлкен сын болды. Шешімдер жасырын түрде жабық қабылданатын. Қазіргі таңда Ұлттық ғылыми кеңестер жұмысының форматы өзгерді», - деді спикер.


Сондай-ақ жетекші ғалымдар наукометрия негізінде таңдалып, кеңес құрамдары 85%-ға жаңартылды. Кеңес отырыстарының міндетті онлайн-трансляциялары, нақты критерийлер арқылы жобаларды қаржыландыру бойынша ашық дауыс беру енгізілді. 

«Қазір қаржыландыру немесе одан бас тарту туралы шешімді ғалымдардың өздері қабылдайды. Кеңес мүшелерінің этикалық кодексі қабылданды. Оны бұзу  кеңестен шығуға негіз болады. Ұлттық кеңес шешімдерінің объективтілігі мен негізділігін арттыруға бағытталған Апелляциялық комиссия құрылды. Конкурстық рәсімдерді жеңілдету бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді. Олардың мерзімі 2 есе қысқартылды, ғалымдарға қаржылық дербестік берілді», - деді комитет төрағасы.