«Гранттық қаржыландыру осындай қолдаудың шешімдерінің біріне айналды. 2020-2022 жылдарға жас ғалымдардың бір ғана конкурсы бойынша ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландырудың жалпы көлемі 9 млрд теңгені құрайды. Гранттар қаржыландырудың ең сұранысқа ие түрлерінің бірі болып табылады. Тек 2021 жылы Министрлік жобаларды қаржыландыру көлемі мен іске асыру мерзімі әртүрлі гранттарға 5 конкурс өткізді. Әрбір жобаны қаржыландыру көлемі қойылған міндеттерге және жоба шеңберінде жүргізілетін зерттеулердің ауқымына байланысты», - деді Дархан Ахмед-Заки.