Жалпы, Комитет тауарларды сату сатысында тауарлардың (Тамақ өнімдерінен, ойыншықтардан, парфюмерлік-косметикалық өнімдерден және жеңіл өнеркәсіп бұйымдарынан басқа) қауіпсіздігіне міндетті талаптарды белгілейтін ЕАЭО-ның 34 техникалық регламентін сақтау арқылы; зергерлік бұйымдарды өткізу сатысында (Қазақстанның сынамалық таңбасының болуы және олардың сынаманың сәйкестігі тұрғысынан сараптамадан өтуі бөлігінде); өлшеу құралдарын мемлекеттік метрологиялық бақылау (яғни реттелетін салаларда қолданылатын өлшеу құралдары салыстырып тексерілуі, яғни олардың өлшеулерінің дәлдігін тексеру рәсімдерінен өтуі); аккредиттелген сертификаттау органдары мен зертханаларды бақылау және т. б. мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.


«Комитеттің аумақтық департаменттері 2022 жылғы 10 айда мемлекеттік бақылаумен барлығы 1326 тексеруді жүргізді. Жоспардан тыс тексеру – 104, профилактикалық бақылау - 134, бармай профилактикалық бақылау – 877 және басқа мемлекеттік органдармен бірлескен тексерулер - 227, 865 жағдайда бұзушылықтар анықталды - барлық тексерулердің 65%», - деді спикер.


122 ұйғарым берілді, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша 155 қаулы шығарылды. Әкімшілік айыппұлдар сомасы 140,6 млн теңгені құрады, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 77%-ға артық.