«Мұндай заңсыз әрекеттер бізді үнемі қауіп-қатерге душар етеді, өйткені біз сатып алатын өнімдердің қауіпсіз немесе қауіпсіз еместігі туралы ақпарат жоқ. «Сұр сертификаттар» - өнім қауіпсіздігі бойынша тәуекел аймағы. Бұл тек заңсыз жолмен, сынақтарсыз берілген өнімнің сәйкестігін бағалау туралы құжаттар, сондықтан өнімнің адам өмірі мен денсаулығына зиян келтірмейтініне кепілдік бермейді. Бүгінгі таңда Қазақстанда 1630 аккредиттеу субъектісі тіркелген, оның ішінде 961 сынақ зертханасы және өнімдер мен қызметтердің сәйкестігін растау жөніндегі 75 орган бар. «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» ҚР Заңына сәйкес Ұлттық аккредиттеу орталығы аккредиттеу субъектілерінің қызметіне мониторинг жүргізуге құқылы. Биыл қыркүйек айындағы жағдай бойынша берілген, сәйкестікті растау құжаттары бойынша 137 бұзушылық анықталды, онда қорытындысы бойынша 1181 сәйкестікті растау құжаты кері қайтарылды/қайта ресімделді. Бүгінгі күні Ұлттық аккредиттеу орталығы 26 аккредиттеу субъектісін, оның ішінде 12 сынақ зертханасын және өнімдер мен қызметтердің сәйкестігін растау жөніндегі 3 органды кері қайтарып алды», - деді спикер.


Ұлттық аккредиттеу орталығы Техникалық реттеу саласындағы, оның ішінде өнімге арналған «сұр сертификаттар» туралы мәселелерді түсіндіру бойынша тұрақты негізде жұмыстар жүргізеді.