«Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» Конституциялық заң азаматтардың конституциялық бақылауға қол жеткізуін кеңейтуге және Уәкілдің құқық қорғау құралдарын күшейтуге бағытталған. Бұл омбудсменге өзінің негізгі қызметін жүзеге асыруда еркіндік береді.

Жаңа Конституциялық заң Уәкілдің қызметінің мақсаттары мен міндеттерін, оның құқықтық жағдайы мен құзыретін конституциялық деңгейде бекітеді. Уәкілдің, оның облыстардағы өкілдерінің және адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың қызметін ұйымдастыруға байланысты ережелер көзделген.

2021 жылғы заңмен салыстырғанда бұл Конституциялық заң, Конституцияда бекітілген адамның құқықтары мен бостандықтарына қатысты нормалар Конституцияға сәйкес келмеген жағдайда Уәкілдің Конституциялық Сотқа жүгіну құқығын көздейді. 

Сонымен қатар, жаңа заң жобасына қорытынды алу үшін осы жылдың 11 тамызында Венеция комиссиясының алу үшін жолданды.

Жақында, 25 қазанында Заң жобасы Венеция комиссиясының 132-пленарлық отырысында қаралып, оның мүшелері комиссияның осыған дейін жолдаған ұсынымның 50% - дан астамы ескерілгенін айтты.

Венеция комиссиясының ұсынымында Уәкілдің құзыретілігі оң бағаланған.