Оның айтуынша, 2020 жылғы жаһандық пандемия, 2022 жылғы қаңтардағы оқиғалар қазақстандықтардың өміріне елеулі өзгерістер әкелді.
«Пандемияға байланысты дағдарыс жастар үшін қатты соққы болды. Олар шағын және орта бизнестің жабылуына орай жұмыссыз қалды. Бүгінгі таңда төтенше жағдайлар проблемалары біртіндеп тұрақтанып, кәсіпкерлік және кәсіби әлем қайтадан «жандануда», бірақ бұл оқиғалар жас ұрпақтың қысқа мерзімде өзінің даму траекториясын өзгерте алмайтындығы проблемасын көрсетті. Жастарды қоғамға интеграциялаудың және ұлттық нарықты дамытудың жаңа жолдарын іздеу нәтижесінде ITeachMe командасы серіктестері Шеврон компаниясымен, сондай-ақ ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен бірлесіп жасыл экономика призмасы арқылы жаңа сұранысқа ие құзыреттерді дамыту және әмбебап дизайнды қолдану мақсатында EcoBusinessLab инновациялық зертханасын құру туралы шешім қабылдады», - деп хабарлады спикер.
EcobusinessLab – 20-дан 40 жасқа дейінгі жастарға арналған жоба, онда студенттер кәсіпкерлік бойынша негізгі дағдыларды алады және оқытудың басты ерекшелігі – ол экологияға, дәлірек айтсақ, кез келген бизнесті құру кезінде экологиялық міндеттемені дамытуға және азаматтардың әртүрлі санаттарының ерекше қажеттіліктерін ескеруге бағытталған.