«Президентке қатысты түзетулер. Президенттің жергілікті атқарушы органдар мен Жоғарғы Сот Кеңесіне қатысты жекелеген өкілеттіктері қысқартылды, Парламент Сенатында «Президенттік квота» қысқартылды, сондай-ақ Президенттің жақын туыстарына лауазымдарға орналасуға шектеулер енгізілді. Парламент Сенатының депутаттарын, Конституциялық Соттың және Жоғары Сот кеңесінің төрағаларын тағайындау жөніндегі Президенттің өкілеттіктерін өзгертуге қатысты нормалар көзделген. Президенттің қайта сайлау құқығынсыз жеті жыл мерзімге сайланатындығы туралы Конституцияның жаңа ережелеріне сәйкес келтіруге бағытталған нормалар бекітілді», - деді вице-министр. 


Сонымен қатар Парламентке қатысты түзетулер. Мәжілісте аралас сайлау жүйесіне көшуге байланысты Парламент Палаталарын қалыптастыру тәртібі және Қазақстан халқы Ассамблеясының ұсыныстары бойынша «Президенттік квотаны» қалыптастыру тәртібі өзгертілді. Сонымен қатар қабылданған конституциялық түзетулерге сәйкес бірқатар жаңа өкілеттіктеріне бірқатар нақтылайтын өзгертулер енгізілді. 


Үкіметке қатысты түзетулерге тоқталсақ, кейінге қалдыруға болмайтын жағдайларда Үкіметке заң күші бар уақытша қаулылар қабылдау өкілеттігі беріледі. Мұндай актілерді қабылдаудың эксклюзивтілігін ескере отырып, мұндай актілерді негізсіз қабылдау тәуекелдерін барынша азайту үшін барлық мүмкін жағдайлар мен талаптар көзделгенін атап өту маңызды.