Дәл осы үрдісті жалғастыра отырып, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «Қазақконцерт» ұйымының «Астана мюзикл» театры кішкентай көрермендер назарына «Алдар көсе» мюзиклін желтоқсан айында ұсынады. 


«Сондай-ақ Балалар жылына орай 12 қарашада ерекше қажеттіліктері бар дарынды балаларға арналған «Арман асулары» фестивалі өтеді. «Арман асулары» жобасының негізгі міндеті – Қазақстанның барлық аймақтарынан ерекше қажеттіліктері бар балалар арасындағы таланттыларды анықтау, шығармашылық қабілеттерін арттыру, дамытуға қажетті жағдай жасау және қолдау көрсету. Гала-концерттің ерекшелігі – балалардың кәсіби әртістермен және шығармашылық ұжымдармен коллаборациясы болып табылады. Түркістан, Шығыс Қазақстан, Абай, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарынан, Шымкент қаласынан дарынды балалар өнер көрсетеді. Сонымен қатар 7-16 қараша күндері «ALEM SAZ» халықаралық өнер фестивалі өтеді», - деді Нұрмолдаев.