«Адамдар көп жиналатын орындарға, әсіресе жабық бөлмелерге баруды шектеу, бөлмелерді желдету, антисептикалық құралдарды пайдаланып, дезинфекциялық режимді күшейту, қолды өңдеу үшін антисептиктерді немесе дезинфекциялық сулықтарды пайдалану, науқас адамдармен байланысты шектеу, оларды оқшаулау, ауырғандардың 80%-ы балалар екенін ескере отырып, тұмау мен ЖРВИ белгілері пайда болған кезде балаларды үйде қалдырып, ұйымдасқан ұжымдарға жібермеу керек. Сондай-ақ медициналық көмекке уақытылы жүгіну керек», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметі алаңында сөйлеген сөзінде.