«Golden Camel Group Ltd» түйе сүтін өңдеумен айналысады және дайын өнімді экспортқа жібереді. Қытайлық инвесторлардың қатысуымен құрылған кәсіпорын қызметі Түркістан облысында түйе шаруашылығын дамытуға септігін тигізуде. 2018 жылы кәсіпорын қуаттылығы тәулігіне 100 тонна шикізат түйе сүтін өңдейтін зауыт салды. Кептірілген түйе сүтінің алғашқы партиясы 2020 жылы Қытайға экспортталды.
Сондай-ақ, көрме барысында Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы мен Қытайдың машина жасау және электронды өнімдердің импорты мен экспорты (CCCME) сауда-өнеркәсіп палатасы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжат өндірісті дамытуға және біздің елдеріміздің нарығына жоғары технологиялық өнімдерді жеткізуге ықпал етеді.
Қытайдың Бесінші халықаралық импорттық тауарлар көрмесі (China International Import Expo (CIIE) – жыл сайын Шанхай қаласындағы National Exhibition and Convention Center көрме кешенінде өткізілетін ең ірі көп салалы іс-шара. 2022 жылы көрмеге 145 елдің компаниялары қатысады. Қазақстандық өнімді 25 кәсіпорын ұсынады.