Министр өз сөзінде жалпы республика бойынша министрлік қызметінің негізгі мәселелерін, сондай-ақ Жамбыл облысы бойынша мәселелерді сөз етті.

Мәселен, атмосфералық ауаның ластануы, қалдықтарды басқарудың жетілмеген жүйесі, ескірген кәріз тазарту құрылғылары және Тараз қаласының өнеркәсіптік бөлігінде «Қазфосфат» серіктестігінің қалдықтар (фосфогипс) үйінділері үлкен мәселе болып табылады.

Жамбыл облысындағы экологиялық мәселелерді шешудің Жол картасында 15 іс-шара қарастырылған. Оның 5-і аяқталды.

Тұрғындардың наразылығын тудыратын тағы бір мәселе – бұл Тараз қаласында кәріздік тазарту құрылғыларының болмауы. Тараз қаласы– тазарту құрылғылары жоқ және ағынды сулар ескірген фильтрациялау алаңдарына ағатын жалғыз облыс орталығы. Тазарту құрылғыларының болмауы Жамбыл ауданының жақын орналасқан елді мекендердің тұрғындары үшін ауыз су сапасының нашарлауына алып келеді, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жерлерінің батпақтануына және елді мекендерді су басуына алып келеді.  Осындай ұқсас жағдай Облыстың барлық орталық аудандарында және оның ішінде Шу, Жаңатас, Қаратау сияқты шағын қалаларында.

Облыс әкімдігінің ақпараты бойынша, Тараз қаласында жаңа кәрізді тазарту кешенін салу жоспарлануда.

«Төтенше экологиялық жағдайды болдырмау үшін әкімдік бұл жұмысты жеделдету қажет», - деп атап өтті министр.

Сонымен қатар, мәселелерді шешу үшін әкімдік қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарының жай-күйін жақсарту және оларды тиісінше жайластыру жөнінде шаралар қабылдауы қажетілігі айтылды. Сондай-ақ, өңірдегі коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі жағдай туралы халықты хабардар ете отырып, коммуналдық қалдықтарды жинау, сұрыптау және қайта өңдеу саласында шағын және орта бизнес субъектілерін белсенді тарту және кешенді жұмыс үшін әкімдік коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі бағдарламаны әзірлеп, бекітуі қажетілігі сөз болды.

Сонымен бірге, геологиялық саланы дамыту мәселелері бойынша, Жамбыл облысы жер асты суларының барланған қорының саны бойынша республикада үшінші орында және тұщы сумен ең мол қамтамасыз етілген өңірлердің қатарында.

Пайдалы қазбалардың ішінде игерілуі және барланған қоры бойынша фосфориттер басым, олардың қоры Қаратау фосфориттік бассейнінде шоғырланған. 5 жылдық кезеңде ел бойынша жер қойнауын 680 мың шаршы шақырымнан астам аумақта, оның ішінде Жамбыл облысында 26 мың шаршы шақырым аумақта өңірлік геологиялық зерттеу жүргізу жоспарлануда.

 Жамбыл облысында жаңа суармалы жерлерді енгізу бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. Мәселен, Дүниежүзілік банк пен Еуропалық қайта құру және даму банкінің несиесі есебінен облыстың су шаруашылығы және гидромелиоративтік жүйелерін қайта құру бойынша екі жоба жүзеге асырылуда. Жоба 6 ауданда 315 каналды қайта жаңғыртуды көздейді. Бұл 66,3 мың гектар суармалы жерді сумен қамтамасыз етуді жақсартуға мүмкіндік береді.

Тасқын суларды жинақтау үшін 2025 жылға дейін 6 аймақта 8 жаңа су қоймаларын құру жоспарлануда, оның ішінде Жамбыл облысында: Ырғайты, Қалғұты және Ақмола 3 су қоймалары салынатын болады.

«Балық шаруашылығын дамыту саласында да бірқатар жұмыстар жүргізілді. Саланы дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасы бекітілді. Бағдарламаға сәйкес 2030 жылға дейін өңір бойынша 8 мың тонна балық өсіру жоспарланған. Жыл басынан бері 464 тонна жоспардан 483 тонна (104 пайыз) балық өсірілді. 2021 жылдан бастап, жалпы қуаты 1,7 мың тонна 14 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда»,- деп түйіндеді С.Брекешев.