«Пештерді, электр жабдықтарын пайдалану, сондай-ақ газ жабдықтары мен баллондарды пайдалану және сақтау бойынша әдістемелік көмек көрсету үшін жыл сайын жылыту маусымы басталғанға дейін және ол аяқталғанға дейін министрліктің бөлімшелері тұрғын үй секторында рейдтер мен аралаулар жүргізеді. ТЖМ жеке тұрғын үй секторын жауапкершілікке тартпайды, тек өзіңізді және отбасыңызды өрттен және көміртегі тотығымен улану апаттарынан қалай қорғауға болатындығы туралы ұсыныстар береді», - деп атап өтті вице-министр.