Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылдың ең үлкен құқықтық оқиғасы жалпыхалықтық референдум өткізу, ел Конституциясына өзгерістер енгізу және кейіннен ұлттық заңнамаға тиісті өзгерістер енгізу болды. 

«Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы», «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» Конституциялық заңдардың жобалары, саяси партиялардың, Қазақстан халқы Ассамблеясының, Жоғары Сот Кеңесінің, жергілікті мемлекеттік басқару органдарының қызметін реттейтін заңнамалық актілерге өзгерістер енгізілетін заң жобасы, Есеп комитетін жоғары аудиторлық палатаға қайта форматтау тәртібі әзірленді, сондай-ақ Қазақстан халқына жердің, оның жер қойнауының, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі және басқа да табиғи ресурстардың тиесілігі туралы Конституциялық қағидатқа байланысты мәселелер. 

Аталған заңнамалық актілерге ел Президенті қол қойды. Олар Конституцияға енгізілген өзгерістерді бекітеді. 

Сонымен қатар, Қанат Мусин нотариустардың, адвокаттар мен заң кеңесшілерінің қызметіне қатысты өтініштер жиі келіп түсетінін айтты. 

Қазіргі уақытта «Нотариат туралы» Заңға қабылданған түзетулермен жылжымайтын мүлікпен мәмілені ресімдеу рәсімі жеңілдетілді, енді мәмілені азаматтың жылжымайтын мүліктің орналасқан жеріне міндетті түрде бармай-ақ республика бойынша кез келген нотариуста ресімдеуге болады. 

Ағымдағы жылдың 20 маусымында «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңға өзгерістер енгізілді, оған сәйкес аз қамтылған және көп балалы отбасыларға, тұрмыстық зорлық-зомбылық, азаптау құрбандарына, 1 және 2 санаттағы мүгедектерге, зейнеткерлерге құқықтық кеңес беру түрінде тегін заң көмегіне кепілдік берілді. Қанат Мусиннің айтуынша, ағымдағы жылдың 9 айында Павлодар облысы бойынша 6 мың азаматқа тегін заң көмегі көрсетілген. 

Әділет министрі АХАЖ саласындағы рәсімді оңайлату шеңберінде некені тіркеу мерзімі 15 күнге дейін қысқартылғанын атап өтті.

 «АХАЖ жүйесі бойынша қызмет көрсету рәсімдерін оңайлату жоспарында баланың туу туралы куәлігін, мысалы, АХАЖ - ға келмей-ақ, «Электрондық үкімет» порталын немесе екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшаларын пайдалану арқылы алуға болады», - деп толықтырды ҚР Әділет министрі.
 Әділет министрлігі зияткерлік меншік мәселелерімен де айналысады. Қанат Мусиннің айтуынша, заң авторлардың мүліктік құқықтарын ұжымдық негізде басқаратын ұйымдардың қызметін толық көлемде реттемейді. Сондықтан авторлық құқық туралы заңға түзетулер қабылданды. Енді ұйымдар әр авторға жиналған сыйақылар мен олардан ұсталған сомалар туралы есепті ұйымның веб-сайтындағы жеке кабинетіне жіберуге міндетті. 

Әділет министрінің мәліметінше, бүгінгі таңда Павлодар облысында 15 мемлекеттік және 90 жеке сот орындаушылары қызмет атқаруда. Атқарушылық өндірістердің едәуір бөлігін алимент өндіріп алу жөніндегі құжаттар құрайды. Осы жылдың 9 айында Павлодар облысы бойынша алимент төлемдері бойынша сот актілерін орындамағаны үшін 173 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 124 борышкерге қатысты Қазақстан Республикасынан шығуға уақытша тыйым салынды. 

Кейбір жағдайларда борышкердің тұрақты табысы мен мүлкінің болмауына байланысты алимент өндіріп алу қиынға соғады. Сондықтан Әділет министрлігі борышкерлерді жұмысқа орналастыру үшін әкімдіктермен бірлесіп тұрақты негізде бос орындар жәрмеңкесін өткізеді. Онлайн режимде берешекті төлеу мүмкіндігі берілді.
 
Сондай-ақ, Әділет министрі Павлодар облысының тұрғындарына Әділет министрлігінің 119 тәулік бойғы құқықтық ақпараттық қызметі жұмыс істейтінін еске салды, ол халыққа барлық құқықтық мәселелер бойынша тегін кеңес береді.