«Биыл 14 қазанда «Болашақ» бағдарламасы бойынша құжат қабылдау аяқталды. Оның қорытындысы бойынша өтінімдердің көбі техникалық мамандықтар бойынша келіп түскен. Сондай-ақ алдағы уақытта инженерлік-техникалық мамандар үшін арнайы жеңілдік санаты енгізіліп отыр. Техникалық мамандықты таңдаған үміткерлер құжат тапсырғанда ЖОО-дан шақыруды ұсыну міндетті болмайды. Техника мамандары мемлекеттік тілден емтихан тапсырғаны туралы нәтижесі кемінде В1 ҚАЗТЕСТ сертификатын, шет тілден орташа деңгейін дәлелдейтін халықаралық сертификатын тапсырады. Жеңілдігі бар үміткерлер дипломының орташа баллы – GPA 4,00-тен кемінде 3,00 болу тиіс», - деді спикер.