Ағымдағы жылы ҚР-да балалар гинекологиясы қызметін үйлестіру үшін денсаулық сақтау министрлігінің бас балалар гинекологы тағайындалып, өңірлерде бас балалар гинекологтары анықталды.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі «University medical center» корпоративтік қорының базасында ҚР балалар гинекологиясы қызметін үйлестіру және консультативтік-әдістемелік қызметті жүзеге асыру үшін «Жасөспірім қыздар мен қыздарға гинекологиялық көмек көрсету жөніндегі республикалық үйлестіру орталығын» құрды.

ҚР ДСМ қыздар мен жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығын жақсарту мақсатында «Қазақстан Республикасында балалар гинекологиясын жетілдірудің 2022-2026 жылдарға арналған Жол картасы» әзірленді, тәжірибеде жаңа технологияларды қолдануға кәсіби дайын балалар гинекологтарын қайта даярлау үшін біліктілікті арттыру курстарының өзекті тақырыптарының тізімі жасалды.

Бүгінгі таңда өңірлерде қыздар мен жасөспірімдерге гинекологиялық көмек көрсететін амбулаториялық қызметке арналған ұйымдастыру-әдістемелік орталық ретінде медициналық ұйымдар анықталды.

Қыздарға, жасөспірімдерге сапалы көмектің барынша қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін емханаларда балалар гинекологтарының мамандандырылған кабинеттері ұйымдастырылады.

Өңірлердегі балалар гинекологтарының кабинеттерін қажетті құрал-жабдықтармен және шығын материалдарымен қамтамасыз ету шаралары қолға алынды.

Өңірлерде гинекологиялық патологиясы бар қыздар мен жасөспірімдердің медициналық көмек көрсету мәселелері бойынша дер кезінде кеңес алу үшін жүру маршруты әзірленді.

Балалар гинекологтарының кәсіби даярлығын арттыру бойынша іс-шаралар өткізілді, оның шеңберінде 2022 жылы «UMC» КҚ базасында 42 гинеколог сертификат ала отырып, балалар мен жасөспірімдер гинекологиясы бойынша мамандандырудан өтті.