Кеңес жұмысына Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы Бауыржан Байсеркин, Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мамандары, «Қазақстан Республикасында микробқа қарсы препараттарға төзімділікті (тұрақтылықты) тежеу» Жол картасын іске асыру жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының мүшелері, «QazBioPharm» Ұлттық холдингі, Ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан ҚР АШМ  Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы Асқар Жақыпбаев, АШМ ведомстволық бағынысты ұйымдары қатысты.

Халықаралық мәліметтерге сәйкес, микробқа қарсы тұрақтылық бүкіл әлем бойынша кем дегенде 1,27 миллион адамның өмірін қиған және 2019 жылы 5 миллионға жуық өліммен байланысты қоғамдық денсаулыққа шұғыл жаһандық қауіп болып табылады.

Төзімділіктің дамуы мен таралу қаупімен күресу инфекцияның алдын алуға және микробқа қарсы препараттарды ұтымды пайдалануға бағытталған жедел әрекеттерді қажет етеді.

Екі күн ішінде салааралық үйлестіруді, микробқа қарсы препараттарға тұрақтылықты (МПТ) эпидемиологиялық қадағалауды, инфекциялардың алдын алуды және инфекциялық бақылауды, микробқа қарсы препараттарды қолдануды қадағалауды, микробқа қарсы препараттарды ұтымды пайдалануды қоса алғанда, МПТ төзімділікті эпидемиологиялық қадағалаудың ұлттық жүйесін нығайту жөніндегі өзекті мәселелер талқыланды.

Кеңес қорытындысы бойынша «Қазақстан Республикасында микробқа қарсы препараттарға төзімділікті (тұрақтылықты) тежеу» Жол картасын өзектендіру ұсынылды және 2023-2027 жылдарға арналған басым қадамдар айқындалды.