Құрылыс істері және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық комитеті төрағасының орынбасары Бақытжан Жүнісбеков агломерацияларды дамыту мәселелеріне байланысты Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенін айтты. Тұтастай алғанда, «Агломерацияларды дамыту туралы» Заң агломерацияларды дамыту саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеп, елімізде агломерацияларды қалыптастыру және олардың жұмыс істеуіне құқықтық әрі ұйымдастырушылық жағдайларды жасауға бағытталыпты.
Сондай-ақ ол қазір Қалалық құрылысы кодексі әзірленіп жатқанын, оның ішінде қоғамдық тыңдаулар өткізу қағидалары қарастырылатынын жеткізді. Осы арқылы әр қаладағы жер учаскелерінің функционалды интерактивті карталары мен коммуналдық желілердің сұлбасы жасалады. Осыған байланысты жер кадастрында өнеркәсіптік мақсаттағы учаскелердің карталары көлік және коммуналдық инфрақұрылымның өзекті сұлбаларымен толықтырылады. Бұл орайда құрамына ғылыми институттар мен бизнес қауымдастық өкілдерінен тұратын жұмыс тобы құрылатынын айта кеткен жөн.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде қалаларды кешенді салу стандарты әзірленді. Бұл қолға алынған шаралар халық үшін барлық әлеуметтік маңызды нысанды ескере отыра жайлы құрылысты жоспарлауға мүмкіндік береді деп болжануда.