«Бұл Қазақстан үшін тағы бір тарихи күн. Баршаңызды және ел Үкіметін осы сайлаудың ашық өтіп жатқанымен құттықтағым келеді. Бүгін таңертең бірнеше учаскеде болдым, жақсы нәтижелерді байқадым. Әрине, процесс Ұлыбритания және басқа елдердегіге қарағанда өзгеше. Бірақ әр елдің өз процестері бар. Ең бастысы, бәрі ережелерге сәйкес және ашық. Бұл сайлау сәтті болады. Мен бұған сенемін», - деді спикер.   


  
Елімізге халықаралық бақылаушы ретінде алғаш рет Манчестер кеңесінің мүшесі, Адам құқықтары жөніндегі заңгер Чохан Абид Латиф қатысуда.  


Ол сайлау учаскелеріндегі халықтың белсенділігін атап өтті.   

«Таңертең біз бірнеше сайлау учаскелерін араладық. Адамдар көптеп келіп, өз таңдауын жасағанын, дауыс бергенін көрдік. Мен дауыс беруге жастар аса келе қоймайтынын байқадым. Біз үшін жастарды сайлауға қатысуға шақыру өте маңызды. Себебі жастар - біздің болашағымыз. Жалпы алғанда, бұл менің алғашқы сапарым және маған бұл ел өте ұнайды. Келесі жолы да осы елдегі сайлауға келе аламын деп үміттенемін. Барлық үміткерлерді де құттықтағым келеді. Біз сайлаудың ашық, тәуелсіз, адал және бейтарап өткенін бақылаймыз», - деді спикер.