Канада сенаторы, ҚР-Канада парламентаралық ынтымақтастық тобының тең төрағасы Виктор Оу әріптестерімен бірге таңертеңнен бастап бірқатар учаскелерге барғанын және олар жабылғанша жұмыс істейтіндерін айтты.  

  
«Бүгін таңертең сағат 7.30-дан бастап екі учаскеге бардық. Кеше де кейбір учаскелерді араладық. Бүгін сағат 20.00-ге дейін өз жұмысымызды жалғастырамыз және сайлау аяқталғанша, учаскелер жабылғанға дейін жұмыс істейміз. Мен ҚР мен Канада арасындағы парламентаралық ынтымақтастық тобының тең төрағасымын, біз ҚР мен Канада арасындағы бизнес пен экономикалық дамуға қатысты 30 жылдық екіжақты ынтымақтастығымызды ілгерілету үшін келдік. Бәрі жақсы, бірақ процесс әлі аяқталған жоқ. Барлық учаскелер ашық болғанша, біз халықаралық бақылаушылар ретінде белсенді жұмыс істейміз», - деп сендірді спикер.  


Канада сенаторы, ҚР-Канада парламентаралық ынтымақтастық тобының мүшесі Жан Ги Дэжэнэ қазақстандықтарды белсенді болуға шақырды.   


«Ең алдымен, мен осында келгеніме өте қуаныштымын және әріптесім екеуміз таңертең бірнеше учаскелерге бардық, адамдардың көптеп келіп, дауыс беріп жатқанын көрдік. Біз учаскелердегі жабдықты тексердік, сонымен қатар дауыс бергісі келетіндер үшін жасалған көптеген дауыс беру аймақтарын қарадық. Бұл өте ыңғайлы және оңай. Біз де халықаралық бақылаушылар ретінде сайлау аяқталғанға дейін қатысамыз және барлығын сайлауға шақырғым келеді: қазір өз таңдауыңызды жасайтын кез келді», - деп түйіндеді спикер.