Сондай-ақ ол Қазақстанның екіжақты ынтымақтастыққа қосқан зор үлесін атап өтті. Қазақстан Орталық Азиядағы Польшаның төртінші маңызды серіктесі болып қала береді.    
Пехочинскийдің айтуынша, халықаралық байқаушы ретінде еліміздегі саяси және экономикалық реформалар туралы бұқаралық ақпарат құралдарының, оның ішінде Еуропалық басылымдардың жарияланымдарын мұқият зерттеген.   

«Әлем үлкен қиындықтарға тап болуда, бұл климат, аштық, экономикадағы өсіп келе жатқан протекционизм, ең алдымен, тұрақтылыққа кепілдік бермейтін елдер үшін нашар перспектива. Сондықтан бұл сайлау Қазақстанға жаңа болжамдар, жаңа жақсы перспектива беретін жағдай ретінде қараймыз. Мен бірқатар сайлау учаскесінде болдым. Қазақстан біздің соңғы сайлауымызда болды. Мұндағы ең жоғары нормативтік, еркін стандарт, біздікіне ұқсас және одан да жақсы. Бұл Қазақстанда ғана емес, Еуропада да өте маңызды. Қазақстан Польша үшін Орталық Азиядағы төртінші, ең маңызды саяси, экономикалық серіктес болып қала береді. Мен 2012-2015 жылдары премьер-министрдің орынбасары болған кезде экономикалық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық комиссияның төрағасы қызметін атқардым. Қазақстанда бірнеше рет келдім, кәсіпкерлеріңізді қабылдадым, олармен осында кездестім. Біз одан артық жасай аламыз деп айта аламын», - деді Польшадан келген қонақ өзінің жеке бақылауларымен бөлісе отырып.   


Сондай-ақ ол поляк бауырларына көрсеткен тарихи қамқорлығы, көмегі және қолдауы үшін Қазақстан халқына алғысын білдірді. Януш Пехочинскийдің пікірінше екіжақты қарым-қатынастың болашағы зор, оны одан әрі дамытуға болады.