Видович әріптестері-шет мемлекеттердің бақылаушыларымен бірге бірқатар сайлау учаскелерінде болып, процестің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанына көз жеткізді.   


«Бұл сайлаудың Қазақстан үшін маңызы зор. Біз белсенділіктің жоғары екенін байқадық. Бұл сайлаушылардың сайлау процесін қаншалықты қолдап жатқанын көрсетеді. Қорытындысын сайлау күнінің соңында шығарамыз. Бұл әлемдегі жаңашылдық, демократиялық, өте маңызды қадам. Ешқандай бұзушылықтар жоқ. Адамдар келіп жатыр, бірінші рет дауыс бергендер қуануда, отбасыларымен бірге келуде, кішкентай балалар бюллетеньдерді жәшікке салуда. Бұрынғы президентті де көрдік. Ол дауыс беруге келген екен. Мен үшін бұл қызық болды. Әрине, мен көп сайлауда болдым: Германияда, Молдовада, Украинада… Қазақстанда сайлау барысында ешқандай заң бұзушылықтар тіркелген жоқ. Келушілердің пайыздық көрсеткіші де жақсы», - деп атап өтті спикер.   


Социалистер партиясынан Молдова Республикасының депутаты, ТМД ПАА, ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясындағы Молдова Республикасы Парламенті делегациясының мүшесі Боля Василь Қазақстанға халықаралық бақылаушы ретінде екінші рет қатысып отыр. Таңертеңнен бері ол Астанадағы 10 сайлау учаскесіне мониторинг жүргізіп үлгерді.  

 
«Таңертең сайлау учаскелері уақытында ашылды ма, жоқ па, соны тексердім. Техникалық тұрғыдан және ұлттық заңнама нормаларын сақтау бойынша менің бақылауларым бойынша мен барған сайлау учаскелері уақытында ашылды. Азаматтар сайлау учаскелерінің орналасқан жері туралы біледі, қай сайлау учаскесінде дауыс беретінінен хабардар. Қандай да бір себептермен сайлау учаскесін ұмытып қалған немесе таба алмаған азаматтарға, көмектесетін еріктілер ұйымы бар. Барлық учаскелерде қауіпсіздік шаралары сақталған, оның ішінде кезекші дәрігерлер бар. Барлық жерде дауыс беру орындары ұйымдастырылған. Сайлау учаскелерінде шектен шыққандар байқалмады, адамдар келіп жатыр»,, - деп қорытындылады спикер.