Миссиядағы әріптестерімен бірге ол 10-ға жуық сайлау учаскесіне барды.   


«Мен көңіл-күйі жақсы, бақытты адамдарды көрдім. Бұл Италиядағыдай емес, бізде сайлау кезінде бәсекелестік деңгейі жоғары. Мен Қазақстан туралы жаңалықтарды естідім, Қазақстанның Римдегі елшісінен, Қазақстандағы жағдай, елдегі проблемалар туралы білемін. Батыс көшбасшылары Қазақстан сияқты ұлы елдің саясаты қалай өзгеретінін көре алады. Дау-дамайсыз және наразылық шараларынсыз не істеуге болатынын барша әлемге көрсету мүмкіндігі бар», - деп атап өтті спикер.   


«Vision & Global Trends» халықаралық жаһандық анализ институтының төрағасы Тиберио Грацианидің пікірінше, Қазақстандағы сайлау – бұл тек елдің өзі үшін ғана емес, сонымен қатар тамаша мүмкіндік.   


«Бұл жаңа Қазақстан, дәлірек айтсақ, 2.0 нұсқасы. Себебі, өткен жиырма жылда қол жеткізілген жетістіктер негізінде жаңа Қазақстан құру керек. Менің ойымша, жаңа президент «қайта калибрлеуді» жүргізуге және әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге мүмкіндік табады. Бұл мемлекет ішінде жасалуы тиіс нәрсе, енді халықаралық контекст туралы айта кетейін. Қазір біз өте проблемалы және турбулентті уақытта өмір сүріп жатырмыз. Батыс пен Ресей Федерациясы арасындағы қақтығыстарды еске түсірейік. Көпвекторлы тәсілге негізделген Қазақстанның дәстүрлі сыртқы саясаты жаңа сын-қатерлерді ескере отырып, сондай-ақ жаңа Жібек жолы жобасын ескере отырып қайта қаралуы тиіс деп ойлаймын. Бұл жоба ең маңызды мемлекеттерінің бірі Қазақстан болып табылатын Орталық Азия елдері үшін зор мүмкіндіктер ашады», - деді спикер.