«Жас кезімде үнемі сайлауға қатысқым келетін. Қазақстан – болашағы зор жас мемлекет және бұл сайлау Қазақстан үшін жаңа перспективаларға жол ашады деп ойлаймын. Бұл жаңашылдықтарды менің елім де үлгі етеді деп үміттенемін. Қазақстанға келгенде оның жас перспективті дамушы мемлекет екенін түсіндім. Менің елімде сайлау кезінде ескеретін бірқатар жайттарды байқадым. Сондай-ақ демократия жолында көп жұмыс атқарылған екен. Қазақстандық тарапқа жылы қабылдағаны үшін алғыс айтамын. Қазақстанда ақкөңіл адамдарды көп көрдік. Біз жаңа тарихқа жасалған қадамның куәсі болдық. Бұл Қазақстанды табысқа жетелейтін қадам», - деді спикер.   


Брифингке қатысқан Мексиканың федералды депутаты Карла Эстрея Диас Гарсия қазақстандықтардың мексикалықтарға ұқсас мінезіне тоқталды.    


«Қонақжай елдің құшақ жая қарсы алғанына рахмет. Қазақтар мен мексикалықтар қатты ұқсайды. Сайлау процесі сағат 7-ден басталды. Сайлаушылардың сайлау учаскелерінің ашылуын күтіп тұрғанын көрдік, тіпті кезек болды. Бұл керемет. Мексикада да сайлау кезінде осылай болады. Демократия адамдар көптеп келгенде қалыптасады. Мен баршаңызды сайлаумен құттықтаймын және жемісті жұмыс тілеймін. Бұл ретте Мексика Президентінің сөздерін келтіріп өткім келеді: демократия жасасын, сыбайлас жемқорлық жойылсын», - деп түйіндеді депутат.