Тарихшы-жазушы, халықаралық шолушы Леонид Млечин атап өткендей, дауыс беру процесі әлемдік тәжірибеде бар талаптар мен нормаларға сәйкес ұйымдастырылған. Бұған күмән болмады. Қазақстандықтардың көбі белсенділік танытып, елде болып жатқан оқиғаларға бей-жай қарамайтындықтарын көрсетті. 

«Дауыс беру процесі сайлау процесінің соңғы бөлігі болып табылады. Ең бастысы оның қалай өткені. Айта кету керек, Қазақстан осы уақыт ішінде, сайлау науқаны кезінде Қазақстанның рухани кеңістігінде болып жатқан рухани өмірдің, пікірталастардың, көптігімен ерекшеленеді. Бұл сайлаудың дұрыс ұйымдастырылғандығының басты дәлелі, өйткені солай болуы керек. Сайлаушылардың елде не болып жатқанын, кім не істеп жатқанын, неге ұмтылу керектігін нақты біледі. Өз таңдауын ойланып жасайды. Меніңше, Қазақстанды осы сайлау науқанымен құттықтауға болады. Бұл сайлау елдің дамуына, алға жылжуына мүмкіндік береді, сондай-ақ осындай қиын кезеңдерді (жақында қаңтар оқиғасына бір жыл болады) еңсерген Қазақстан Президент Тоқаев сияқты көрнекті саясаткердің басшылығымен алға қадам басады деп ойлаймын. Меніңше, Президент Тоқаев үшін ең бастысы – халыққа қамқор болу, бұл іске асырылатын болады», - деді сарапшы. 


Ресей Федерациясының тағы бір байқаушысы, Ресей Ғылым академиясының Қытай және қазіргі Азия институтының ғылыми қызметкері Александра Перминова да сайлау учаскелеріндегі жақсы көңіл-күй мен атмосфераны атап өтті. 

«Сайлау учаскелерінде сайлау комиссияларының мүшелері келген адамдарға мейірімділікпен қарады, олардың сұрақтарына жауап беріп, мәселелерін шешіп жатты. бұл керемет. Мұның бәрі қазақстанды ерекшелендіреді, біз барған сайлау учаскелерінде жақсы атмосфера, сайлаушылар мен комиссиялар тарапынан достық қарым-қатынас болды. Қазақстанның өсіп-өркендеуіне тілектеспін, қазіргі Президенттің басшылығымен осы күшті тұрақты саяси бағытты жалғастыруына тілектеспін», - деді байқаушы.