Өткізу пункттерінің қолданыстағы технологиялық жабдықтары көбінесе қазіргі заманға сәйкес келмейді, технологиялық жабдықтарды соңғы сатып алу да 11 жыл бұрын жүргізілді. Осыған байланысты мемлекеттік кірістер органдарының алдында тұрған басым міндеттердің бірі өткізу пункттерінің инфрақұрылымдық міндеттерін шешу болып табылады.

«2018 жылы Қазақстан-Қытай шекарасында МЖӘ механизмі арқылы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізінде орналасқан жаңа «Нұр Жолы» автомобиль өткізу пункті пайдалануға берілді. Өткізу пункті Орта Азиядағы ең ірі және технологиялық жағынан озық болып табылады. Құрылысқа арналған инвестициялық шығындар шамамен 69 млрд теңгені құрады. Пункт жұмыс күні 2,5 мың көлік құралын және 15 мың жеке тұлғаны жұмыс күндері қозғалыстың екі бағытында, оның ішінде жүк көлік құралдары – 2 200 бірлік, жолаушылар көлік құралдары (автобустар мен жеңіл автомобильдер) – 300 бірлік тасымалдауды көздейді. Өткізу пункті жұмыс істеген уақыт ішінде 210 мыңнан астам көлік құралдары өтті, 223 млн теңгеден астам кедендік баждар мен салықтар түсті. Ескі «Қорғас» өткізу пунктімен салыстырғанда 4 жыл ішінде көлік саны 1,6 есе өсті, төлемдер түсімі 5 есеге өсті. 2020 жылы бюджет қаражаты есебінен «Б. Қонысбаев» автомобиль өткізу пункті қайта жаңартылып, оның аумағы 2 есеге жуық кеңейтілді. Өткізу пункті қазақ-өзбек шекарасындағы ең ірі пункттердің бірі болып табылады. Пункт тәулігіне 1,5 мың көлік құралын және 10 мың жеке тұлғаны қозғалыстың екі бағытында, оның ішінде жүк көлік құралдары – 1 мың бірлік, жолаушылар көлік құралдары 500 бірлік өткізуді көздейді. Өткізу пунктінің жұмыс істеуі кезінде 231 мыңнан астам көлік құралы  өтті, 3 млн теңгеден артық кедендік баждар мен салықтар түсті», - деді спикер 


Өткізу пункттерін жобалау кезінде Комитет өткізу пункттерін жайластыру бойынша халықаралық сарапшылардың ең озық технологиялық шешімдері мен ұсынымдарын ескерген.