ТЖ министрі Юрий Ильин мен «Қызыл Жарты Ай қоғамы» қоғамдық бірлестігінің президенті Еркебек Арғымбаев Министрлік пен «Қызыл Жарты Ай» қоғамы арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Тараптар ынтымақтастықтың бірқатар бағыттарын айқындады.   

Ынтымақтастықтың мақсаты төтенше жағдайлардың туындау қаупін азайтуға, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтауға жәрдемдесу болып табылады.   

«Меморандум халықты ақпараттандыру және оқыту мәселелерінде, гуманитарлық операцияларды жүргізу кезінде зардап шеккендерге көмек көрсету үшін қосалқы ресурстарды құру және пайдалану бойынша бірлескен іс-қимылдарды жоспарлау. Бұл құжат одан әрі бірлескен жұмыс үшін негіз болатынына сенімдімін», - деп атап өтті министр.

 2021-2022 жылдары «Қызыл Жарты Ай» қоғамының еріктілері түрлі төтенше жағдайлардан зардап шеккен 2 500-ге жуық отбасына (10 мыңнан астам адам) көмек көрсетті.

Барлық жерде, тұрақты негізде қоғамның өңірлік өкілдіктерінің еріктілері, бірлесіп  ТЖМ аумақтық бөлімшелерімен профилактикалық жұмыстарға  (аралау, рейдтер, акциялар, флэш-мобтар) қатысып, сондай-ақ білім беру объектілерінде өскелең ұрпаққа қауіпсіздік мәдениетін үйрету бойынша қоғамдық іс-шаралар өткізу.