Кездесуге қатысушылар өңірлік және халықаралық қауіпсіздіктің өзекті мәселелері, өңірдегі әскери-саяси жағдай бойынша пікір алмасты, ҰҚШҰ-ның ағымдағы жылғы қызметінің қорытындыларын, сондай-ақ Ұйымның 2023 жылғы қызметінің перспективалық бағыттарын талқылады.

Отырыс қорытындысы бойынша тараптар Ұйым шеңберінде практикалық өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған құжаттарға қол қойды және ағымдағы жылғы 23 қарашада Ереван қаласында өтетін ҰҚШҰ Саммитінде мемлекет басшыларының қарауына енгізілетін құжаттардың жобаларын келістірді.

Бір күн бүрын ҰҚШҰ елдерінің Сыртқы істер министрлері қысқа құрамда кездесу өткізіп, бірқатар бірлескен мәлімдемелерді, соның ішінде жаһандық есірткі қаупіне қарсы күрестегі ынтымақтастық, халықаралық ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастықты жандандыру, террористік әрекетті қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы мәлімдемелерді мақұлдады.